Қазақ халқының 1000 әні: Алматыда халықаралық ғылыми-тәжірибелік симпозиум өтті

Жиынға Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен келген беделді ғалымдар мен өнертанушылар қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл қазақ музыкалық мұрасының асыл қазынасына айналған атақты этнограф-ғалым, Қазақстанның тұңғыш Халық әртісі Александр Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» жинағының жарық көргеніне 100 жыл толды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осыған орай Алматыда халықаралық ғылыми-тәжірибелік симпозиум ұйымдастырылды. Маңызды жиынға Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен келген беделді ғалымдар мен өнертанушылар қатысты. Олар түркі халықтарының рухани мұрасы, этнографиясы, өнертануы төңірегінде пікір алмасып, мәдени құндылықтарды сақтау, зерттеу және насихаттау мәселелерін талқылады. Сонымен қатар симпозиум аясында Затаевичтің шығармашылық мұрасын жаңаша зерделейтін «ХХ–ХХІ ғасырлардың құндылық пен маңыздылық кеңістігіндегі мұрасы: ғылым – мәдениет – қоғам» атты жаңа еңбектің тұсаукесері өтті.

 «Затаевичтің үлкен еңбегі тек қазақ халқының әндерін жинаған жоқ. Бұл сол кезеңдегі Орта Азия халықтарының, ұйғырлардың, дүнгендердің, тіпті сақ халықтарының, соның ішінде өзбектердің, қырғыздардың, татарлардың әндерін жинаған. Соның ішіндегі ең үлкен жинағы, ең көлемді жинағы, ең маңызды жинағы осы «Қазақтың мың әні» деп аталады», – деді М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры Кенжехан Матыжанов.

 «Ахмет Жұбановтың «бұл - ерліктің бастамасы» деген. Затаевичтың еңбегінің арқасында  қазақтың музыкасын хатқа түсіріп, академиялық бағытта дамуы жүзеге асырылды. Бұл кітаптың ішінде «Алаш» қайраткерлері, қазақ зиялылары, олардың ішінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқановтардың  әндері, күйлері сақталған», – деді М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты музыкатану бөлімінің меңгерушісі Айнұр Қазтуғанова.

Оқи отырыңыз: Түркістандықтар 2,5 тонна наурыз көже пісіріп, рекорд жаңартпақ

Новости партнеров