Жүргізуші куәлігін саудалаған қылмыстық топ ұсталды

Олар куәлік алғысы келген әр адамнан 200 мың теңгеден алған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таразда жүргізуші куәлігін саудалаған қылмыстық топтың мүшелері сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жеті адамнан тұратын топ куәлік алғысы келетін 20-дан аса адаммен келісімге келген. Сөйтіп әрқайсынан 200 мың теңгеден алған. Ал олардың ақшасын арада жүрген 4 делдал жиып берген. Қылмысқа барғандардың екеуі – халыққа қызмет көрсету орталығында 10 жыл жұмыс істеген мамандар. Олар түскен қаржыны өзара бөлісіп отырған. Кінәсі дәлелденген 7 адам шартты түрде  3 жарымнан 4 жарым жылға дейін сотталды.

«ҚК 190 бабы, 3-бөлігінің 4-тармағынас сай, бірнеше рет алаяқтық қылмыс бойыншаіс қозғалды.  Жетіуі де бұрын сотталмаған. Негізі заңсыз жүргізуші куәлігін жасау дерегі осынған дейін анықталмаған. 2022-2023 жылдан бастап бірінші дерек тіркелген», – деді қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Нұрсұлтан Әбішев.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында экс-депутат жалған құжат рәсімдеп, 474 млн теңге алған

 

 

 

Новости партнеров