«Өткінші жаңбыр» телехикаясы көрерменмен қайта қауышпақ

«Өткінші жаңбыр» телехикаясы көрерменмен қайта қауышпақ
Телехикая авторларының айтуынша, жаңа маусым өзіндік оқиғалар желісімен бұрынғыдан өзгеше болмақ,
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көрерменнің ыстық ықыласына бөленген «Өткінші жаңбыр» телехикаясының 2-маусымы жуырда көпшілік назарына жол тартпақ. Қарбалас өмірдегі нәзік жандылардың келбетін суреттеп, тұрмыстық жағдайды дәлме-дәл жеткізетін аталмыш туындының түсірілім жұмыстары басталды. Телехикая авторларының айтуынша, жаңа маусым өзіндік оқиғалар желісімен бұрынғыдан өзгеше болмақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бұл 2-маусымда мүлдем басқа актерлер ойнайды. Өзіміздің отандық әртістеріміз, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері де ойнайды», – деді режиссёр Мерей Маханов.

«Бұл жерде біз бай-кедей деп бөліп жатпаймыз. Жалпы әр адамның басында болатын тағдыр, ауыртпашылық, қиыншылық, оны адам қалай көтере алады соны көрсетеміз», – деді  продюсер Әйгерім Нұғманова.

Новости партнеров