«Астана – Қызылорда» бағытындағы пойыз қатты аяз салдарынан тоқтатылды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
35 градус аяз салдарынан №92 «Астана -Қызылорда» хабарламасындағы пойызды Айсаи стансасында тоқтатып, Қарағандыға қайтару туралы шешім қабылданды. Тасымалдаушы компаниядағылардың айтуынша, жолаушылар билетін қайтарып, оған төлеген ақшасын 100 пайыз қайтарып ала алады. Ал Қызылордаға жолын жалғастырғысы келгендерге №86 «Астана-Сарыағаш» пойызымен жолға аттану ұсынылды. Тоқтатылған пойыздың жолаушылары үшін «Астана-Сарыағаш» пойызына 6 купелік вагон қосылды.
Ал қайтарылған билеттерді Қарағанды стансасында қосымша кассирлер жұмысқа тартылады.
Сонымен қатар тасмалдаушы компанияның баспасөз қызметіндегілер жолаушыларға тегін тамақ ұйымдастырылғанын айтты.