Еліміздің бірақат қалаларында мектеп оқушыларына сабақ тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Павлодар облыстық Білім басқармасының ақпаратынша, бірінші ауысымда білім алатын 1-11 сыныптың оқушыларына сабақ болмайды.
Қостанайда бірінші ауысымда оқитын 0-9 сыныптардың оқушылары да үйлерінде болмақ. Облыста ауа райының сынап бағанасы 20-30° төмендеп, секундына 18 метр жел соғады деп күтілуде.
Ал Семей мен Риддерде бірінші ауысымда білім алатын 1-9 сынып оқушыларына да сабақ тоқтатылды. Ауа райы минус 27° көрсетіп тұр.