Туристер мен демалушылардан таулы аймаққа шықпауды ескертеді
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Instagram парақшаға сілтеме жасап.
"Алматы облысының тауларында 2023 жылғы 01-05 ақпан аралығында көшкіні қаупі сақталады. Соған байланысты, туристер және демалушылар қар көшкінін тудыру қауіпі болғандықтан қарлы беткейлерге шықпаңыздар, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шарасын сақтауды сұраймыз", – делінген хабарламада.
Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай ауданында 48 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.