29-31 шілдеге жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай жарқылдайды. 30-31 шілде аралығында - шығыста, 31 шілдеде - оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.
«Тек еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз, күн ашық болмақ. Республиканың барлық аумағында ауа температурасы күндіз батыста, солтүстік-батыста 25-41 градусқа, солтүстік пен шығыста 23-33 градусқа, орталықта 25-37 градусқа дейін көтеріледі деп болжанып отыр», — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.