Шығыс Қазақстанда 29 қаңтарға дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Алтайньюс.
ТЖ бойынша қызметтің ақпаратына сүйенсек, 28 қаңтарда сағат 21.00-ден бастап 29 қаңтар сағат 21.00-ге дейінгі аралықта Өскемен, Риддер және Жаңа Бұқтырмада II деңгейлі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болады деп күтілуде. Мұндай жағдайда ауада зиянды заттар жиналуы мүмкін.
Сонымен қатар, 29 қаңтарда ШҚО-ның кейбір аудандарында сынап бағаны -42 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.