Алдағы күндері еліміздің көптеген өңірлерінде күн салқындап, жауын-шашын, тіпті қар жауады деп күтілуде. Қалың тұман түсіп, жолдар көктайғақ болуы да мүмкін. Түнде ауа температурасы 2 градутсан 10 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Мұның себебін синоптиктер Орталық Азия аймағынан келе жатқан суық ауа ағымына байланысты деп түсіндіреді. Соның салдарынан Қазақстанның солтүстік аймағында нөсер жауын, найзағай ойнайды.
Еліміздің оңтүстігінде де ауа райы құбылмалы болады деп болжануда.