13 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

elements.envato.com
elements.envato.com
Солтүстік Қазақстан облысының қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қ.: 13 қаңтарда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысы

13 қаңтарда түнде Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Жезқазған қ.: 13 қаңтарда күндіз көктайғақ күтіледі.

Астана

Астана қ.: 13 қаңтарда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысы

13 қаңтарда түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 13 қаңтарда таңертең және күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысы

13 қаңтарда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

13 қаңтарда басым бөлігінде Солтүстік Қазақстан облысының қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 13 қаңтарда қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с.

Павлодар облысы

13 қаңтарда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облысының батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысы

13 қаңтарда күндіз Абай облысының батысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында 15-20, екпіні 23 м/с.

Қызылорда облысы

13 қаңтарда түнде Қызылорда облысының орталығында, батысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде көктайғақ, бұрқасын, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз күші облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысы

13 қаңтарда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 13 қаңтарда кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысы

13 қаңтарда түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 13 қаңтарда түнде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

13 қаңтарда түнде Батыс Қазақстан облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Түркістан облысы

13 қаңтарда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с. Шымкент қ.: 13 қаңтарда түнде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 13 қаңтарда түнде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысы

13 қаңтарда түнде Ақтөбе облысының батысында қатты қар, облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 13 қаңтарда түнде бұрқасын күтіледі Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады түнде екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысы

13 қаңтарда Қостанай облысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ.: 13 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысы

13 қаңтарда күндіз Алматы облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, орталығында екпіні 18-23 м/с. Қонаев қ.: 13 қаңтарда шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 18-23 м/с.

Жамбыл облысы

13 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 11-13 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, 11, 13 қаңтарда күндіз, 12 қаңтарда түнде кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.

Новости партнеров