Алматының таулы аймағында қар көшкіні жүруі мүмкін. Сондықтан «Қазселденқорғау» мекемесі мен қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға сақ болу қажеттігін ескертеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қар көшкіні әсіресе, Іле Алатауы жотасының беткейінде және Алтай тауларында болуы ықтимал. Қазір ондағы қардың қалыңдығы шекті нормадан асқан. Бұған дейін синоптиктер бүгін және ертең қалада дауылды ескерту жариялаған еді. Айта кетейік, биыл наурыз айының өзінде қала тауларында 35 көшкін тіркелсе, 2 күн бұрын 10 көшкін жүрді.