7 жастағы қыз аман қалды: Семейде тұрғын үйден өрт шықты

ТЖМ ресми телеграм каналы
ТЖМ ресми телеграм каналы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Семей қаласында В. Терешкова көшесінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер түтіннің екінші қабаттағы пәтерден таралып жатқанын анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Баланың жылаған дауысы естілген пәтердің есігін ешкім ашпаған. Бала көміртегі тотығымен дем алса, салдары қайғылы болатындықтан әр секунды маңызды екенін білетін құтқарушылар темір есікті ашуға кететін уақытты жоғалтпай, терезе арқылы кіріп, баланы құтқарды.

- №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Қалитов Болат жанып жатқан пәтердің терезесіне  үш иінді сатымен көтеріліп, қорыққан баланы тауып, таза ауаға шығарды. 

Үйде ересектердің қарауынсыз жалғыз қалған 2017 жылы туған қыз қажетті медициналық көмек алуы үшін "103" қызметінің бригадасына табысталды, - делінген ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Шаһар шөгіп кете ме: Кентауда тұрғын үйлерге қауіп төне бастады

Новости партнеров