Абай облысында боранға байланысты жолдар жабылды

Keith Polischuk/unsplash.com/
Keith Polischuk/unsplash.com/

Жолды 2025 жылғы 30 қаңтар сағат 18:00-де ашу жоспарланған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Абай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.

"2025 жылғы 30 қаңтар сағат 13:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 778-967 шақырым аралығындағы учаскеде (Аягөз қаласынан Қалбатау ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады", - делінген хабарламада.

Жолды 2025 жылғы 30 қаңтар сағат 18:00-де ашу жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Мүгедек жасөспірімге қызмет көрсетпеген әуе компаниясы жазаланды

Новости партнеров