Алматыдан 178 шақырымда жер сілкінді

Jens Aber/unsplash.com/
Jens Aber/unsplash.com/

Қазақстан аумағында жер асты дүмпулері сезілген жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, "СБЗҰҒО" ЖШС-ның сейсмикалық станциялар желісі 31 наурызда Астана уақытымен сағат 12:25-те жер сілкінісін тіркеген.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 178 шақырым қашықтықта орналасқан", – делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында жер асты дүмпулері сезілген жоқ.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, магнитудасы 4,0 болатын жер сілкінісінің эпицентрі Бішкектен оңтүстік-шығысқа қарай 52 шақырым қашықтықта орналасқан.

Қырғызстанның елді мекендеріндегі жер сілкінісінің қарқындылығы:

  • Қарағай-Бұлақ ауылы – 3,5 балл,
  • Бішкек – 2,5 балл.

Оқи отырыңыз: Алматыда 31 наурыз бен 6 сәуір аралығында ауа райы қандай болады

Новости партнеров