Еріген қар суының салдарынан екі облыста жол жабылды

ANGÉLICA SABINA/unsplash.com/
ANGÉLICA SABINA/unsplash.com/

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 104 арнайы техника мен 142 маман жұмылдырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚазАвтоЖол еріген қар суының салдарынан екі облыста жол жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дерекке қарағанда, 21 наурыз күні сағат 08:00-дегі жағдай бойынша еріген қар суының салдарынан 2 облыстағы 2 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Ақтөбе облысы:

«Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз» автожолының 3-92 шақырымдарының аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

«Мариновка ауылына кіреберіс» автожолының 9 шақырымы.

«Барлық учаскеде айналма жолдар қарастырылған. Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 104 арнайы техника мен 142 маман жұмылдырылды», - делінген ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Алматыда 21-22 наурызда Nauryz Almaty Vibe фестивалі өтеді

Новости партнеров