Аяз, көктайғақ, жаяу бұрқасын: сенбіге ауа райы болжамы жарияланды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Республика бойынша тұман түседі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Скандинавия аудандарынан енген антициклон ықпалынан Қазақстан аумағында аязды, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады. Республика бойынша тұман түсіп, еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстікінде, шығысында жел күшейеді, оңтүстігінде, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, оңтүстік-батысында көктайғақ болады", - делінген хабарламада.

Астанада – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -24-26°С, күндіз -14-16°С.

Алматыда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -16-18°С, күндіз -3-5°С болады.

Шымкентте – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -8-10°C, күндіз +7+9°C болады

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман болады. Облыстың шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде 25-28 градус қатты аяз болады.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында тұман түседі.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде кей уақытта тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 18-23 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 23-28 градус қатты аяз болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында таулы аудандарында солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, тәулік бойы 25 м/с, түнде 26 қаңтарда 23-28 м/с болады деп болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен соққан желдің облыстың солтүстігіндегі екпіні - 15-20 м/с.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Облыстың солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз болады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Оқи отырыңыз: Жақын адамдарыңызға көңіл бөліңіз: 25 қаңтардағы жұлдыз жорамал

Новости партнеров