Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады

Dani/unsplash.com/
Dani/unsplash.com/

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте көктайғақ болып, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» РМК-сы 17 наурызға арналған күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, жоғары атмосфералық қысымның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен күн құбылмалы болады және жаңбыр мен қар жаууы ықтимал.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте көктайғақ болып, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

 Оқи отырыңыз: Көктемде мұзға шығу аса қауіпті - құтқарушылар ескерту жасады

Новости партнеров