Қолайсыз ауа райы: Астанада бастауыш сынып оқушылары онлайн оқыды

"Қазгидрометтің" мәліметінше, еліміздің кей өңірлерінде жел күшейіп, боран соғады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Күн райының күрт бұзылуына байланысты бүгін Астанада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары сабақты онлайн оқыды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазгидрометтің мәліметінше, еліміздің кей өңірлерінде жел күшейіп, боран соғады. Синоптиктердің болжамынша, елордада желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетсе, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында қар жауып, көктайғақ болады. Түркістан облысының таулы аудандары мен Шымкентте қар аралас жаңбыр жауады. Ал, өзге өңірлерде тұман түседі деп күтіледі.

"14 және 15 ақпан күндері Астанада аздаған қар мен жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік батыстан жел соғады. Желдің екпіні секундына 1 9-14 метр, ал түнде 15-20 метр жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12 градус аяздан, 7-9 градус аязға дейін, ал күндіз 5-7 градус аяздан, 5-3 градус аязға дейін жоғарылайды", – деді  "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Аружан Мұратова

Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар облыста көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Республикалық жолдарды қардан 900-ге жуық арнайы техника мен 2 мыңға жуық маман тазартып жүр. Ал «ҚазАвтоЖол» компаниясының мамандары тәулік бойы жетпістен астам бейнебақылау камералары арқылы трассалардың жай-күйін бақылап отыр. Мамандар жолаушыларға алыс сапарға шықпас бұрын сақтық шараларына мән беріп, 112 нөмірінен келген хабарламаларды ескерусіз қалдырмауды сұрайды.

"ҚазАвтоЖол" компаниясының 1403 байланыс орталығына күніне 3 мыңға жуық қоңырау келіп түседі. Яғни оның жартысынан көбі жолдың жағдайы туралы азаматтар мәлімет алады. "Жол ашық па?, жабық па?. Жабық болса, қашан ашасыздар?" деп сұрайды. Қыс мезгілінде бірінші кезекте жол қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Міндетт түрде жылдамдық режиміне аса көңіл бөлуі керек. Себебі сізден бөлек жолда басқа да жүргізуішілер мен басқада азаматтар бар, – деді  "ҚазАвтоЖол" ҰК ресми өкілі Сәкен Ділдахмет.

Оқи отырыңыз: Су тасқыны кезеңіне дайындық жөнінде республикалық кеңес өтті 

Новости партнеров