Бүгін еліміздің кей өңірінде қар жауып, боран соғады

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 15 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Еліміздің аумағы арқылы өтетін атмосфералық фронтальды бөлімдер ауа райының тұрақсыз боулына әсер етеді. Республиканың басым бөлігінде қарлы боран болады, батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады", - делінген хабарламада.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман, оңтүстікте, батыста көктайғақ болады.

Астанада аздаған қар жауады, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 7-12 м/с. Ауа температурасы - түнде 9-11, күндіз 4-6 градус аяз.

Алматыда түнде және таңертең кей уақытта тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады.

Шымкентте кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман түседі.

Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.

Ұлытау облысының оңтүстігінде қар, облыстың шығысында аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз жолдарда көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде қар, облыстың шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын. Жолдарда көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Абай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, Жарма ауданында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Түркістан облысының таулы аудандарында қалың қар жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ.

Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында қалың қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, ал күндіз 23 м/с-ке дейін жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстік-шығысында, орталығында тұман түседі.

Оқи отырыңыз: Биылғы көктемде ауа райы қандай болады

Новости партнеров