Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде Қарабақ декларациясы қабылданды

Аkorda.kz
Аkorda.kz
Бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әзербайжан Республикасында Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтті. Жиын соңында Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығын нығайту туралы мемлекеттер басшыларының шешіміне қол қойылды, деп хабарлай ды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар саммит қорытындысы бойынша Қарабақ декларациясы қабылданды.

Айта кетейік, Шушада «Көлік, коммуникация және климаттық өзгерістерді бақылау арқылы баянды болашақ құру» тақырыбында Түркі мемлекеттері ұйымы бейресми саммиті өтті.

Мемлекет басшысы өз сөзінде, ең алдымен, саммиттің «Көлік, коммуникация және климаттық өзгерістерді бақылау арқылы баянды болашақ құру» деген тақырыбы барлық елдің мүддесіне сай келетінін атап өтті.

Сондай-ақ аталған басқосу түркі елдерінің игілігін көздейтініне, дамудың тың бағыттарын айқындайтынына және бауырластық байланысты нығайтып, өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал ететініне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымының қазіргі төрағасы ретінде оның қызметі барынша тиімді болғанын қалайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттерін Каспий және Арал теңізіндегі экологиялық мәселені бірігіп шешуге шақырды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Түркі мемлекеттерін Каспий және Арал теңізіндегі экологиялық мәселені бірігіп шешуге шақырды




Новости партнеров