Ричард Уильям Вайтц: «Қазақстанда тәуелсіз бақылаушылардың көптігі – демократияның анық нышаны»

Ричард Уильям Вайтц: «Қазақстанда тәуелсіз бақылаушылардың көптігі – демократияның анық нышаны»
Халықаралық бақылаушы сондай-ақ, Қазақстанда тәуелсіз бақылаушылардың көптігіне таң қалғанын жасырмады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандағы Президенттік сайлауға АҚШ-тан бақылаушы боп келген Ричард Уильям Вайтц елімізде өтіп жатқан саяси науқанға жоғары бағасын берді. Ол өзінің алғаш рет сайлауға бақылаушы болғанын да жасырмады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Бүгін 7 сайлау учаскесінде болдым, бір адам сайлаушылар тізімінде жоқ екенін айтқаны болмаса, басқа жағынан бәрі жақсы. Заң бұзушылық орын алған жоқ, адамдар белсенді. Көңілім толды», - дейді Уильям Вайтц.

Халықаралық бақылаушы сондай-ақ, Қазақстанда тәуелсіз бақылаушылардың көптігіне таң қалғанын жасырмады. Айтуынша, ол АҚШ-та мұндай жағдайды осыған дейін мүлдем кездестірмепті.

Новости партнеров