Экономиканы дамытуға бағытталған 100 млрд теңге тиісінше игеріліп отырған жоқ. Құрылыс саласы тұраласа, жолдар қайта қалыпқа келмеген. Мұндай жауапсыздық ескерусіз қалмайды деген Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бүгін министрлерді әбден сынады. Ретсіз жұмсалған қаржылар қайтарыла ма?
Үкімет басшысы бүгін барлық министрлердің басын қосып, жыл басынан бері атқарылған жұмыстар мен игерілген қаржының есебін сұрады. Соңғы алты айда тиесілі жұмсалмаған сомалар қайтарылып, көмекке мұқтаж бағыттарға берілмек. Бақытжан Сағынтаев Инвестициялар және даму министрлігіннің жұмысына ашуланды. Республикалық маңызы бар жолдардың кешеуілдеуін сынға алды.
«Жеңіс Махмұтұлы мына жерде жазылып тұр міне. Жазылып тұр.Дүние жүзілік банкпен займ бойынша келісім мемлекеттік органдармен келісуде. Ислам банкіменен келісім мемлекеттік органдармен келісуде.Қашанғы келсіздер? 42,9 млрд теңге қауіп бар игермеудің оның ішінде, сіздің басқарып отырған министрлік бойынша, жолдар бойынша міне ең үлкен көлемі. Қашан бітеді бұл келісім? Келісіп біткенше қыс түседі ғой»,-деді ҚР Премьер-Министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.
Үкімет басшысының сөзі министрге ауыр тиді. Тас жолға қатысты артық сөз қоса алмады. Дегенмен халықты ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында елеулі жетістіктер бар көрінеді. Мәлімет бойынша, 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту жоспарына сәйкес сумен жабдықтау және су тартуда 1684 жоба іске асыпты. Су жүйесін ауыстыру бағытында еліміз Жапон технологиясын қолданбақ. Бұл өз кезегінде мемлекет қаржысын үнемдеуге септігін тигізеді.
«Мысалы 100 км жерлерді ауыстыра отырып, реконстукциялауға 11 жарым млдр теңгеден астам қаражат дұмасалатын болса, карроозияға қарсы жабдықтар орнату желілердің осы ұзындықта шамамен 620 млн теңге жұмсалады»,-деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс ҚАСЫМБЕК.
Тимур Сүлейменов құрылыс саласының бәсеңдегінін тілге тиек етті. Жылдың алғашқы тоқсанында қарқын 5,9 пайызға өскенімен, қаңтар-мамыр аралығында 0,3 пайызға төмендеген. Бұл дегеніміз нөлдік көрсеткішпен тең. Түйіткілдің басты себебі, Павлодардағы мұнай- химия зауытын қайта жаңғырту мен құрылысы жыр болған «Абу-Даби» плаза да екен. Дегенмен Премьер -Министр бұл сандар ақталуға тұрарлық әрекет емес екенін баса айтты.Әрі Президент алдында жауапты екенін қайта еске салды.
«Елбасы тапсырмасы бойынша Үкімет қаржыны бөлді. Парламент қолдады. Бюджет қабылданды. Бірақ қаржы игерілмейді. Қашанға күтіп отырамыз? Неге экономикада өсім жоқ, не халықтың алдында айтатын сөз жоқ. Айтпады демеңіздер! Халық пен Елбасының алдында өздеріңіз жауап бересіздер»,-деді ҚР Премьер-Министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.
Ұлттық экономика министрі бизнес ахуалын несиелеу процесі күрт түскеніне назар аударды. Сөзінше, ол соңғы айларда 5,4 пайызға төмендеген. Экономиканы несиелеу 1 пайызға ғана артып, 12,7 трлн теңгені құраған. Тұтынушылық кредиттердің өсімі бар болғаны 14,0 пайызға артып, 4,7 трлн теңгеге жеткен. Ал бизнеске берілген несие 5,4 пайызға төмендепті.
Назым Мәлікқызы, Нұрлан Өтегенов Алматы телеарнасы, Астанадан.