Өзбекстан президентін әуежайдан Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мәртебелі мейманды Алматы әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды», - делінген хабарламада.
Бүгін мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізіп, қаладағы бірқатар нысанды аралап көреді.
Оқи отырыңыз: Президент Мьянма премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады