Астанада Байқоңыр ауданының Жетісай көшесінде орналасқан бір қабатты жатақханада өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт болған нысанда электр қуаты сөндірілді.
Белгілі болғандай, 12 бөлмесі бар жатақхананың тұрғындары өздігінен эвакуацияланды.
Өрт орнында 26 құтқарушы мен 7 бірлік техника жұмыс істеді. Оқиға орнына тұрғындарды жылытуға арналған автобус жіберілді.
"Өрт сөндірушілер жатақханадан 15 газ баллонын шығарды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 22:38-де оқшауланып, 01:01-де жойылды. Өрттің алаңы 160 шаршы метрді құрады", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Өскеменде 4 жасар бала құтқарылды