Павлодар облысында балаға қол көтерген мамандандырылған балабақша тәрбиешісі жұмыстан шығарылды деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Сот тәрбиешіні 5 жасар баланың денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірді деп таныды.
Павлодар қаласы білім бөлімінің мәліметінше, сот шешімінен кейін тәрбиеші жұмыстан босатылған. Сондай-ақ сот тәрбиешіге 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (47 700 теңге) айыппұл салды.