Қостанайда жеке үйлердің біріндегі аулада орналасқан кәрізден мәйіт табылды

Polisia.kz
Polisia.kz
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігінің «кісі өлтіру» дерегі бойынша тіркелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанайда жеке үйлердің біріндегі аулада орналасқан кәрізден мәйіт табылды. Бұл туралы 12 қазанда полицияның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, кәріз құдығынан адам қаңқасын тапқанын мәлімдеген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ерлі-зайыптылар  ауласындағы септиктен жағымсыз иісті сезіп, кәрізді тазартпақ болғанда, күтпеген жағдайға тап болыпты. Оқиға орнына келген із кесушілер, мәйіттің жеке басын анықтау бойынша іздестіру жүргізіп, із-түзсіз жоғалғандардың тізімін тексерген. Нәтижеде үш жыл бұрын ерлі-зайыптылардың өрттенген үйін қалпына келтірумен айналысқан күдіктілер ұсталды.

«Біз соңғы бес жылда ата-аналарымен туыстық байланыстарын жоғалтып, хабар-ошарсыз жоғалған адамдардың тізімін қарастырдық. Сол кезде 2017 жылы із-түссіз жоғалған ер адам туралы мәлімет назарымызға ілікті. Ол «хабарсыз жоғалып кеткен» деп есептелген 1988 жылғы Қостанай қаласының азаматы еді. Киімнің сипаттамасына сәйкес, біршама ұқсастықтар анықталды», – деді қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Ербол Қарымсақов.

Аталған дерек Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігінің «кісі өлтіру» дерегі бойынша тіркелді. Алдағы уақытта қылмыстық іс аясында өлген адамның жеке басын толықтай анықтауға, сондай-ақ, осы қылмыстың себептерін және күдіктілердің әрқайсысының оған қатысу дәрежесін ашуға көмектесетін төрт сараптама тағайындалды.

«Күдіктілерді тергеу кезінде өртенген үйді қалпына келтіру жұмыстарына қатысқан жұмысшылардың бірі абақтыда екені анықталды. Ал, екіншісі Қарасу ауданында тұратыны, басқасы Қостанай қаласында құрылыс жұмыстарымен айналысып, күнін көріп жүргені белгілі болды», – деді қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Ербол Қарымсақов.

Новости партнеров