Жылыой ауданда төтенше жағдай жарияланды (видео)

Жылыой ауданда төтенше жағдай жарияланды (видео)
12 мыңнан астам адам эвакуацияланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жылыой ауданынан 12 мыңнан астам эвакуацияланды, оның ішінде 5 мыңға жуық бала бар. Эвакуация үш бағытта жүргізілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Атырау облысы әкімдігіне сілтеме жасап. 

- Ауданда төтенше жағдай жарияланып, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары басталғалы бері 12 мыңнан астам жылыойлық қауіпсіз орынға көшірілді. Оның бес мыңы – бала. Тұрғындар Атырау қаласына, Теңіз кенішіндегі вахталық қалашыққа және Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына эвакуацияланды, - делінген ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында. 

Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысы, Жылыой ауданында су тасып жатқанын, Ақтөбе облысындағы Мұғалжар тауынан келетін табиғи су Жылыой ауданына қатер төндіргенін жазған едік. 4 сәуірде ауданда төтенше жағдай жарияланды. Ал кеше Төтенше жағдайлар министрлігі сағат 22.45-тегі жағдай бойынша 2500-ге жуық жеке тұрғын үй мен әкімшілік ғимаратты су басқанын мәлімдеді. 4 мыңнан астам адам , оның ішінде 1 мыңнан астам бала эвакуацияланған. Бұған қоса Жем өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Жылыой ауданының "Доссор-Құлсары-Ақта" республикалық маңызы бар автожолының 103-104 км су жүргені хабарланды. 6 сәуірге қараған түні Құлсарыдан Маңғыстау облысына 5 мың адам эвакуацияланғаны мәлім болды. Оның ішінде 214 бала бар. Бұған қоса Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев жағдай күрделі екенін, Атырау қарғын су басып жатқан Құлсары қаласының тағдырын қайталауы мүмкін екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Қарғын су: Астана іргесіндегі Талапкер ауылында қауіп сейілді


Новости партнеров