Алматы облысында баланы қабаған ит талады

phonoteka.org
phonoteka.org
Тұрғындар итті қыздан әзер айырып алып, дереу ауруханаға жеткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында баланы ит талап тастады. Алабай баланың бетін, арқасын, санын тістеген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Sputnik ақпаратына сәйкес, алабай тұқымды ит қожайыны жануарды қараусыз қалдырған.

Тұрғындар итті қыздан әзер айырып алып, дереу ауруханаға жеткізді.

Көшеде ойнап жүргенінде ит қапқаннан қыз қатты соққы алды. 

Туған-туыстарының айтуынша, алабай баланың бетін, арқасын және санын тістеген. Бетіндегі жараны тігуге тура келген.

Одан бөлек денесінде де жыртылған жарақаттар бар.

Жапа шеккен балаға алабай қожайыны еміне деп 30 мың теңге қаражат берген. Алайда баланың ата-анасы қабаған ит иесінің немқұрайлылығы үшін жазаның қатаң түрін және пластикалық операция жасатуға ақша талап етті.

Новости партнеров