Атырауда Жайық өзенінің мұзы ойылып, екі жігіт судың астына кетіп қала жаздады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 24 желтоқсанда болған. Мұз астына түсіп кеткен досын құтқару үшін екіншісі оның артынан суға түсті.
"Жайық өзенінің бетіндегі мұз ойылып, үстінде жүрген жігіттің батып бара жатқанын көріп досы көмекке келген. Оқиғаға куә болған тұрғындар арнайы мамандарды көмекке шақырған. Алайда екі жігіт өз күштерімен өзеннің арғы жағына өтіп, аман қалды", – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аязды күні суға кету қаупінен аман қалған жігіттерге жағада полция қызметкерлері көмек көрсетіп, жедел-жәрдем шақырды.