Шығыс Қазақстан облысында демалыс күндері 3 адам суға батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 31 шілде күні Семейдегі Озерки ауылында 22 жастағы жігіт суға кетті. Белгілі болғандай, ол достарымен және туыстарымен бірге демалу үшін жағажайға барған.
«Алысқа жүзіп кеткен жігіт өз күшін дұрыс бағаламаудың салдарынан көз жұмды. Құтқарушылар оның денесін жағалаудан 40 метрдей жерде 3 метр тереңнен тапты»,– деп хабарлады ведомство өкілдері.