Түрік әуе компаниясының ұшағы Оралға қонуға мәжбүр болды

el.kz
el.kz
Бойжеткен жедел жәрдем келгенше қайтыс болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Орал қаласындағы М.Мәметова атындағы халықаралық әуежайға қонған ұшақта 17 жастағы қыз көз жұмды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

17 қыркүйек күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12.44-те аспанға көтерілген түрік әуе компаниясының ұшағы Қазаннан Анталияға бағыт алған.

Ұшу кезінде 17 жастағы мүгедек қыздың жүрегі тоқтап қалған. Осы рейстегі  жолаушы екі дәрігер алғашқы көмек көрсетуге тырысқан. Алайда әрекеттері сәтсіз болды.

Ұшақ мәжбүрлі түрде Орал қаласына қонған. «Орал» халықаралық әуежайы» ЖШС баспасөз қызметі ұшақтың 17 қыркүйек күні 16.01-де қонып, 2,5 сағаттан кейін қайта ұшып кеткенін хабарлады.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, қыз жедел жәрдем келгенше қайтыс болған. Оқиға орнына шақырту сағат 16.02-де түскен, 15 минутта жеткен жедел жәрдем қызды өлімнен арашалап қала алмады.

Ұшақта 3 дәрігер болған, олар 45 минут бойы қызды аман алып қалуға әрекет жасаған. Бірақ мүмкін болмады.

Оқи отырыңыз: Перуде автобус жардан құлап, 24 адам қайтыс болды

Новости партнеров