Алматыда «Медеу» БТСК-не барар жолдың бір бөлігі түнде жөндеуге жабылады

elements.envato.com
elements.envato.com
Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Керей-Жәнібек хандары көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

5 қыркүйек сағат 23:00-ден 6 қыркүйек 06:00-ге дейін «Samal» қонақ үйінен селден қорғау құрылымдары мен «Экобекет» аялдамасына дейінгі аумақта қозғалыс жабылады.

Айта кетейік, осы көшенің тағы 2 шақырымын жөндеу жоспарланған. Жабылатын күні мен уақыты қосымша хабарланады.

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.

Оқи отырыңыз: Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жолайырыққа бұрылатын жолдар жабылады

Новости партнеров