Риддер Жылу электр орталығында тағы апат болды. Күні кеше іске қосылған №6 қазандық түнгі сағат 1:00 шамасында температурасы 65 градусқа жетіп, апатты жағдайда сөндірілген. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шаһар басшысы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олқылықты жою үшін іске мамандар жұмылдырылып, қажетті жабдықтар алынған. Қазір қалада 3 қазандық жұмыс істеп тұр. Ал Энергетика министрі еліміздің көптеген өңіріндегі жылу электр орталықтарының ескіргенін айтып, Риддердегі тозығы жеткен кәсіпорынның орнына жаңасын салу қажетігін айтты.
«Қажеттіліктің бары түсінікті. Біз қазір осы шаруаны пысықтап жатырмыз. Бұл барлық өңірде бірден жасала қоятын нәрсе емес. Риддердегі қазандықты ауыстыру керек болса, оны істейміз. Отынның қандай да бір жаңа түрін, мысалы газ қолдану мүмкіндігі болса, оны көре жатармыз. Ал көмірмен істейтін жаңа қазандық салудың қажеті шамалы. Мұның бәрі ескеріледі», – деді ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.