Нұр-Сұлтанда екі азамат тұрақтағы көліктерді эвакуаторға салып ұрламақ болған

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Қылмыстық факт бойынша қазір іс қозғалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордада екі азамат тұрақтағы көліктерді эвакуаторға салып ұрламақ болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 34 және 29 жастағы екі жігітті күдікті деп танып, қамауға алды. Олар эвакуаторды да жалға алған көрінеді. Көлік жүргізушісіне 10 мың теңге ақшасын беріп, шетелдік көліктерді қолды қылған. Қылмыстық факт бойынша қазір іс қозғалды. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, азаматтар жеті жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Новости партнеров