28 тамызда Каспий теңізіне экскаватордың кірген видеосы әлеуметтік желіге тарады. Жағдайға қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
-Ақтау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтады. 29 жастағы жергілікті тұрғынға ҚР ӘҚБтК 593 және 620-бап бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды, делінген баспасөз мәлімдемеде.
Ақтаулық жүргізушімен заңбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірмелік жұмыс жүргізілді.
Оқи отырыңыз: Алматыда жаңа фудхолл пайда болады