Түркістан облысында мектеп оқушысы канал суына құлап көз жұмды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Жергілікті тұрғындар баланың өлі денесін канал бойындағы шлюзден шығарып алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында 1 сынып оқушысы канал суына құлап көз жұмды. Бұл туралы Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қанат Қарабалаев айтып өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға Жетісай ауданының Қызыл құм ауылдық округі, Алғабас елді мекенінде болған. Бірінші сынып оқушысы К-30 каналына құлап кеткендігі туралы хабар Төтенше жағдайлар департаментіне сағат 16:00 түскен. Ал, 16:30-17:00 аралығында жергілікті тұрғындар баланың өлі денесін канал бойындағы шлюзден көріп қалып, шығарып алған. 

«Оқиға орнына төтенше жағдай департаментінің мамандары мен жедел тергеу тобы барып жұмыс атқарды. Қазіргі таңда сот медициналық сараптама тағайындалды», - деді Қанат Қарабалаев. 

Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығының айтуынша бұл жыл басынан суға кету жағдайы бойынша Түркістан облысындағы екінші оқиға екен. 24 қаңтар күні Қазығұрт ауданындағы Рабат су қоймасынан күзетші киіміндегі бір адамның да денесі табылған. Қазір ол оқиға бойынша да сот медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатқан жайы бар.


Новости партнеров