Рысқұлов-Бөкейханов жолайырығындағы аумаққа орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
2 тамыз сағат 23.00-ден 4 тамыз сағат 11.00-ге дейін жолайырықтың солтүстік-батысқа бұрылатын жолда қозғалыс толығымен жабылады.
Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.
Оқи отырыңыз: Алматыда Жандосов көшесінің учаскесі біраз уақытқа жабылады