Алматыда 328 мың 674 адам таңдауын жасап, дауыс берді

Almaty.tv
Almaty.tv
Сайлау учаскелерін 3000-нан астам байқаушы назарда ұстайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, Алматыдағы сайлау учаскелерін 3000-нан астам байқаушы назарда ұстайды. Одан бөлек, халықаралық дәрежедегі 43 маман тағы бар, деп хабарлайды Almaty.tv.

Байқаушылардың дайындығы мығым болды. Олардың сайлауалды арнайы мектепте білім алғандарын айтқан едік. Әрі байқаушының қызметі нақты заңдық нормалармен бекітілгенін де білдік. Сондықтан, брифинг спикерлері «байқаушылардың заң шеңберінен шығуы, я сайлаушылардың құқығын ескермеуі - мүмкін емес» дейді.

«Қазіргі таңда барлық сайлау учаскелерінде бір сарында өтіп жатыр. Әзірге ешқандай дауыс ұрлау фактілері және құқықбұзушылық, заңбұзушылық орын алып жатқан жоқ. Алматы қаласында бұрынғы сайлауға қарағанда дәл қазіргі 17:00-ге дейінгі уақытта ешқандай факті тіркелмеді. Сондықтан бұл сайлау әзірге жақсы деңгейде, әділ деңгейде өтіп жатыр деп айтуға болады», – деді тәуелсіз байқаушы Талғат Жанысбай

Әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпараттардың қазір қаншалықты шындыққа жанасатыны анықталып жатыр. Сондай-ақ, «өзінің қандай да бір кандидатты таңдап, анық белгілеген бюллетенін суретке түсіріп, жариялаған адам да тәртіп бұзған болып есептеледі»,- дейді мамандар. Жалпы сайлау күніндегі қандай да бір түсініспеушілікке қатысты міндетті түрде тексеру мен ресми ақпараттың болатынын айта кеткім келеді. Қазір қалада 328 мың 674 адам өз таңдауын жасап, дауыс берді. Ал учаскелердің 20:00-ге дейін жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз.

Новости партнеров