Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бақтияр Тайлақбаев өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматының №508 сайлау учаскесінде ҚР еңбек сіңірген әртісі Бақтияр Тайлақбаев депутаттарға дауыс берді. Бүгінгі күннің маңызын атаған ол Қазақстан әлемдегі әлеуметі, мәдениеті һәм күш-қуаты мықты державалардың қатарына қосылуына тілектестік білдірді.
«Сайлауға бару – әр адамның борышы. Осы арада «неге?» деген заңды сұрақ туатыны анық. Қазір көптеген мүмкіндік ашылды. Елімізге жақсылық алып келетін өзгерістер орнап жатыр. Көптеген ілкімді іс қолға алынды. Жаңа һәм тың бастамалар көтеріліп жатыр. Қазіргі сайлау демократияға жақын деп есептеймін», – деді әнші.