"Елдегі саяси науқанның аяқталуына санаулы уақыт қалды. Соңғы ақпаратқа сүйенсек, ел бойынша азаматтардың 53,11 пайызы таңдауын жасаған. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы арнайы брифингте айтты", - деп хабарлайды Almaty.tv
Кешкі сағат 18:00-де келіп түскен мәлімет бойынша, азаматтардың 53,11 пайызы бюллетень алды. Яғни, сайлаушылардың 6 миллионнан астамы дауыс беріп үлгерген. ОСК-ның хабарлауынша, белсенділігі жоғары алғашқы үштік қатарында Қостанай, Жамбыл, Қызылорда облысы бар.
«Республика бойынша 6 390 46 азамат бюллетень алды. Тізімге енген азаматтардың 53,11 пайызы құрайды», – деді ОСК-ның мүшесі Шавхат Өтемісов.
Бас прокуратураның ақпарынша, бүгінгі сайлау кезінде Алматы, Жетісу облысы мен СҚО-да 9 заң бұзылды. Аталған өңірлерде комиссия мүшелері басқа адамдар үшін дауыс берген жағдай анықтапты. Айта кетсек, дауыс беру кешкі сағат 20:00-де аяқталады.