Болгарияның София қаласында көркем гимнастикадан Әлем кубогы аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Гимнастшымыз Эльжана Таниева ұршық жаттығуы, доп және таспа жаттығуларының финалдарында өнер көрсетті. Финалдар қорытындысы бойынша Эльжана Таниева 30.900 ұпаймен 2-орынға ие болды.
Үздік үштікті өзбекстан спортшысы Тахмина Икромова бастаса, 3-орын бразилиялық Барбара Домингосқа бұйырды.