"Әл-Наср" командасы мен Португалия құрамасының мүшесі Криштиану Роналду жылдық табысының мөлшері бойынша рекорд жасап, Гиннесс рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі informburo.kz-ке сілтеме жасап.
Криштиану Роналдудың 2023 жылғы табысы 136 млн долларды құрайды. Роналдуға дейін бұл көрсеткіш бойынша Аргентина құрамасының футболшысы Лионель Месси үздік болып келген. Өткен жылы Месси 130 млн доллар табыс тапты.
Еске салайық, бұл – Криштиану Роналдудың Гиннесс кітабына енген он жетінші рекорды. Бар болғаны бір айға жетпейтін уақыт бұрын ол бір ұлттық құрамада 200 матч ойнаған алғашқы футболшы ретінде рекорд жаңартқан болатын. Ал екінші орында Лионель Месси тұр, оның еншісінде 7 рекорд бар.