Бейжіңде Олимпиада қалашығы ресми түрде ашылды

english.kyodonews.net
english.kyodonews.net
Спортшылар 3 ақпан күні Укесонг спорт орталығында өтетін алғашқы ойынында Швеция командасымен кездеседі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бейсенбі күні Бейжің қаласында өтетін Қысқы олимпиада ойындарының қатысушылары үшін Бейжіңде екі және Чжанцзякоуда бір олимпиада қалашығы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бейжіңдегі Чаоян және Яньцин аудандарындағы кенттерде 3500-ге жуық төсек орын қарастырылған, ал Қытай астанасынан солтүстік-батысқа қарай шамамен 160 шақырым жерде орналасқан Чжанцзякоудағы қалашық 4-20 ақпан аралығында өтетін ойындарға қатысатын командалардың шамамен 2800-ге жуық спортшы мен ресми тұлғаны қабылдайды. 

Чаоян кентінде негізінен конькимен сырғанау жарыстарына қатысушылар тұратын болса, Яньциндегі қалашықта тау шаңғышыларын қарсы алады. Чжанцзякоу аймағындағы ауылда шаңғышылар, сноубордшылар және трамплиннен секірушілер тұратын болады. Жапонияның шайбалы хоккейден әйелдер құрамасының олимпиадалық қалашыққа бейсенбі күні түстен кейін келетіні күтілуде. Спортшылар 3 ақпан күні Укесонг спорт орталығында өтетін алғашқы ойынында Швеция командасымен кездеседі.

Новости партнеров