Жойқын нокаутқа түскен спортшы көз жұмды (ВИДЕО)

Оқиға Бразилияның Манаус қаласындағы аралас жекпе-жек турнирі кезінде болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жойқын нокаутқа түскен аралас жекпе-жек шебері Матеуш Фернандеш бірнеше сағаттан соң көз жұмды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

22 жастағы спортшының жекпе-жегі Remulus Eight турнирін ашқан болатын. Фернандештің қарсыласы бірнеше жойқын соққы жасап, нокаутқа жіберген. Алайда ол төреші жекпе-жекті тоқтатпас бұрын тағы соққы жасап үлгерген.

Жекпе-жектен кейін Фернандеш ауруханаға жеткізілді. Бірақ дәрігерлер оны аман алып қала алмаған. Спортшының жүрегі тоқтап қалды.

MMA Fighting-тің хабарлауынша, спортшы алған соққыдан емес, есірткіден қайтыс болған. Фернандеш есірткіге тәуелділерге көмек көрсететін бағдарлама бойынша емделіпті.


Новости партнеров