Қазақстандық желаяқтар Гиннестің рекордтар кітабына енді

Фото ашық дереккөзден
Фото ашық дереккөзден
Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған «Nomad Run» жобасына 33 жас пен 55 жас аралығындағы желаяқтар қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Осыдан бір ай бұрын Астанадан шыққан бір топ желаяқ Ақтауға жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған «Nomad Run» жобасына қатысқан 33 жас пен 55 жас аралығындағы желаяқтар 8 мыңға жуық шақырымды еңсерді.

Ұзақ қашықтықты жаяу бағындырғандар Қазақстанның «Гиннестер кітабына» енді.

Спортшылар Ақтауда тынығып алғаннан кейін Мекке қаласына дейін жүгіріп бармақшы.

«Өзім қарапайым күзетші болып жұмыс істеймін. Елімізде алғаш ұйымдастырылып отырған «Nomad run» - ұлттық идеологиялық жобасы Астана-Ақтау бағытында 7 мың 500 шақырымды 1 айда жүгіріп өту. Күтіп алып жатқан ақтаулық ағайынға алғысымыз шексіз. Еліміз көркейіп, дами берсін»,- деді ультрамарафонға қатысушы Медғат Теміржан.

Новости партнеров