Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Норвегиямен кездесу өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында Алматы қаласында өткен матч 0:0 есебімен тең аяқталды. Кездесу барысында Қазақстан құрамасы Норвегия қақпасына 5 соққы бағыттады. Ал Норвегия Шацкийдің қақпасына 20 соққы жасады.
Еске салайық, Станислав Черчесов шәкірттері Норвегияға қарсы екінші матчын 11 қарашада өткізеді.
Айта кетейік, 9 қыркүйекте Қазақстан Словения құрамасына қарсы кездесу өткізеді. Бұл ойын Любляна қаласында өтеді. Матч Астана уақытымен 23:45-те басталады.
Топта Қазақстан және Норвегиядан бөлек, Австрия мен Словения құрамалары да бар.
Оқи отырыңыз: Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!