Алматыда конькимен жүгіру спортынан ел кубогі кезеңі басталды. Бәсекеге еліміздің әр өңірінен келген спортшылар мен Ұлттық құрама мүшелері қатысып жатыр. Олардың арасында Әлем чемпионы Денис Кузин де бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ел кубогінде топ жарған спортшылар алдағы уақытта халықаралық деңгейде өтетін жарыстарда ел намысын қорғайды. Және сол жақта келесі жылы болатын олимпиада ойындары үшін лицензияларды сарапқа салмақ.
Спортшылар жарыстың бірінші күні 500 және 1500 метр арақашықтыққа жүгірді. Олардың қатарында еліміздің 15 дүркін жеңімпазы және әлем чемпионы Денис Кузин бар. Коньки шебері келесі жылы өзінің 4-ші олимпиадасына қатысу үшін тыңғылықты дайындалып жатқанын айтады.
«Келесі маусымда қазір болып жатқан қиындықтар артта қалып, ұйымдастырушылар спорттық жарыстарды жылдағыдай өз уақытында өткізіп тұрады деп ойлаймын. Менің ең басты мақсатым келесі жылы өтетін олимпиадада топ жару», – деді әлем чемпионы Денис Кузин.
Ел кубогі кезеңіне 50 ден астам кәсіби спортшы қатысып жатыр. Олардың арасында жасөспірімдер де бар. Ұлттық құрама мүшелері үшін бұл дода ішкі біріншіліктегі осы жылы қатысқан алғашқы жарыстары. Мамандар болса алдағы уақытта бұдан да басқа чемпионаттардың өту мүмкін екенін айтады.
«Біз қазір бұл жарыстан бөлек алдағы уақытта тағы 2 чемпионат өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Оның біреуі ересектер және екіншісі жастар арасындағы ел біріншілігін дәл осы Медеу мұзайдынында өткізгіміз келеді», – деді бас төреші Дмитрий Обатуров.
Ел кубогі кезеңі 2 күнге созылады. Ертең ерлер мен әйелдер 1000 және 3000 метрге шауып, өзара мықтыны анықтайды. Барлық жеңімпаздар сол күні марапатталады.
Мерей Қанапиянов, Сағынғали Мұңайтпасов «Алматы» телеарнасы