Баскетбол турниріне Алматының 30-дан астам оқу орнынан 34 команда қатысты
Алматыда студенттер арасындвғы ең танымал ALMA CUP 2025 спорттық турнирі аясында баскетболдан финалдық ойындар өтті. Турнир Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
ALMA CUP 2025 – жастар арасында спорт мәдениетін дамытуға, физикалық дайындық деңгейін арттыруға және командалық спорт түрлерін, соның ішінде мини-футбол, баскетбол, волейбол мен киберспортты насихаттауға бағытталған әлеуметтік жоба. Турнирдің жүлде қоры 4 800 000 теңгені құрайды, оның ішінде 1 600 000 теңге баскетболға (800 000 теңге – ерлер командаларына, 800 000 теңге – әйелдер командаларына).
Айта кетейік, ALMA CUP 2025 жобасы аясында, 1-2 наурыз киберспорттан турнир өтеді. Ал, мини-футбол мен волейбол турнирлерін сәуір айында өткізу жоспарлануда және 31 наурызға дейін өтінім қабылдау жалғасады.
Баскетбол турниріне Алматының 30-дан астам оқу орнынан 34 команда қатысты: 26 ерлер және 8 әйелдер командасы. Бірнеше ай бойы студенттер жоғары деңгейдегі дайындықтарын, спорттық ынта-жігерлерін көрсете отырып, қаладағы ең ірі студенттік спорт жобасында жеңіске жетуге ұмтылды.
Шешуші ойындар нәтижесінде жеңімпаздар келесідей анықталды:
Ерлер командасы арасында жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен, мақтау қағаздарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
«Турнир өте жоғары деңгейде өтті! Барлық командалар мықты дайындалған, ойындар қызу тартысқа толы болды. Мұндай жарыстар спортшылар үшін үлкен мотивация береді. ALMA CUP бізге тек жеңіске деген құлшыныс емес, жаңа достар, ерекше эмоциялар сыйлады. Ұйымдастырушыларға осындай керемет мүмкіндік үшін үлкен алғыс айтамын! Біздің команда үшін бұл үлкен жетістік, әрі қарай да биік белестерді бағындыруға дайынбыз!», - деді ALMA CUP 2025 турнирінің жеңімпазы, ҚазСТА студенті Мұстажапқызы Гүлжанар.
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының мәліметінше, 2025 жылы жастарды жан-жақты қолдау бойынша 56 жобаны жүзеге асыруға жоспарланған. Солардың ішінде бірнеше жылдың ішінде қаламыздың студенттері арасында сұранысқа ие болған жоба бұл - ALMA CUP.
Ұйымдастырушылар турнирдің барлық қатысушыларына, жаттықтырушыларға, жанкүйерлерге мен серіктестерге студенттік спортты дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!