Іс-шараға 9 оқу ошағынан 120-ға жуық бала қатысты
Алматыда арнайы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында "Тең мүмкіндіктер" атты инклюзивті фестиваль өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Іс-шараға 9 оқу ошағынан 120-ға жуық бала қатысқан.
Фестивальдің мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды бір алаңда біріктіріп, оларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу.
Айта кетейік, игі бастама биылдан бастап қолға алынған.
"Фестивальді жыл сайын тұрақты түрде «Аманат» партиясымен бірлесе жалғастыру жағын ойластырудамыз. Бұл фестиваль тұрақты түрде өтеді деген сеніміміз мол. Қазір спорттың 4 түрін қамтып отырсақ, алдағы уақытта спорт түрін, команда құрамын ары қарай ұлғайта түсеміз. Себебі балаларды мейлінше көп қамтуға өз әсерін тигізеді", - деді Дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының директоры Бақтияр Елемес.
"Бүгінгі сайыста балалар өздерін жоғары деңгейде көрсетеді деп үміттенемін. Өйткені, ерекше қажеттіліктері бар бұл бүлдіршіндер үшін спорт аса қажет. Физикалық және рухани тұрғыдан өз пайдасын тигізеді", - деді қалалық мәслихаттың депутаты Серік Есматов.
Оқи отырыңыз: Суармалы жерлерге көңіл бөліп, су үнемдейтін технологиялар енгізу керек - ғалым
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!