Қазақстан әйелдер құрамасы бұл чемпионатты екі жүлдемен аяқтады
Әйелдер күресінен Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Жәмилә Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
«Қазақстандық балуан финалдық бәсекеде Қытай спортшысы Юци Люден 4:1 есебімен басым түсті. Осылайша ол Азия чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы атанды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы бұл чемпионатты екі жүлдемен аяқтады. Бұған дейін Зейнеп Баянова қола медаль иеленген болатын.
Еркін күрестен жарыстар 29 наурызда басталады.
Оқи отырыңыз: Азия чемпионаты: қазақстандық Жәмилә Бақбергенова финалына шықты
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!